13 сәу, 2020 сағат 16:45

"Коронавирусты емдейтін дәрі қандай болуы тиіс?.." - The Atlantic

Коронавирусты тоқтату вирустың ақуыздарына адамның ағзасын жаулап алуға мүмкіндік бермейтін препараттардың көмегімен жасалуы тиіс, деп жазады The Atlantic.

«29. Бұл - жаңа коронавирус құрамындағы адам ағзасына шабуылдайтын ақуыздардың саны. Яғни, 29 ақуыз ондаған мың протеинге қарсы шығады. Осы 29 ақуыз ағзадағы көп клетканы жаулап алған сайын, адамда ауру асқына береді. Яғни, бұл әлемдегі 100 мыңнан астам адамды осы 29 ақуыз өлтірді деуге болады», - деп жазады автор. 

Оның айтуынша, COVID-19-ға қарсы дәрі адам ағзасының клеткаларын басып алуға мүмкіндік бермейтін протеиндер арқылы жасалатын болады. 

«Бүкіл әлем ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының әлсіз тұсын табуға тырысып жатыр. Үш айдың ішінде бүкіл әлем зертханалары вирустың құрылымын да анықтады. Тағы бір топ ғалымдар вирустан жазылып шыққандардың қанын зерттеп жатыр. Қазіргі таңда 100-ден астам препараттар COVID-19-ға қарсы қолданылу мүмкіндігіне тексеріліп жатыр. Ал наурыз айының ортасында еріктіге «Модерн» компаниясының вакцинасы салынды. Кейбір ғалымдар осы 29 ақуыз адам клеткасының әртүрлі бөліктерімен байланысқа түседі. Яғни, жаңа дәрі адам ағзасын емес, вирусты жоюы керек», - деп жазады басылым. 

Калифорния университетінің фармакологы Кеван Шокаттың айтуынша, бұл вирустың емделуі рак терапиясына ұқсайды. Яғни, препарат адамның белгілі бір клеткаларын ғана өлтіруі тиіс.