28 жел, 2021 сағат 10:10

Коронавирустан емделіп жатқан 71 адамның жағдайы өте ауыр

көрнекі сурет

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 17 361 адам коронавирус инфекциясынан (–15 290+ және 2 071 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ДСМ.

Оның ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 211 адамның жағдайы ауыр,

• 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.