23 шіл, 2020 сағат 07:46

Коронавируспен күрес рейтингінде қай өңірлердің көрсеткіші төмен?

Коронавирус мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында қай өңірлердің коронавируспен күресті әлсіретіп алғаны айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдардың коронавируспен күресте атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды

Жиында жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіш тіркелген. 

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шара қабылдауды тапсырды.