30 мау, 2021 сағат 11:53

Коронавируспен ауырғандарға вакцина салуға болатын мерзім өзгертілді


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырған науқастарға вакцина салу уақыты өзгертілгенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сырқаттанып жазылған науқастардың үш ай өткенде вирусты қайта жұқтыру қауіптілігі жоғары болуына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша коронавируспен ауырған науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынған», - деді Айнагүл Қуатбаева.

Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырған адамға 6 ай бойы вакцина салуға болмайтыны айтылған еді.