07 қаң, 2021 сағат 10:54

Коронавирус жұқтыру бойынша Алматы 5-орында тұр – бас дәрігер

Коронавирус жұқтыру бойынша Алматы қаласы 5-орында тұр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия кезеңінде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 389 адам, өлім-жітім көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 0,2% құрады. Өңірлер бөлінісінде Алматы Нұр-Сұлтан қаласынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 5-орын алады. Қайтыс болғандардың орташа жасы — 65-80» , - дейді Табынбаев. 

Сонымен қатар, ол жансақтау бөлімі 50 пайызға толып отырғанын атап өтті.

«Біз 80 орынды 110-ға жеткіздік. Айта кету керек, инфекцияланған КВИ арасында көптеген созылмалы және ілеспе ауруы бар науқастар саны айтарлықтай өсті. Әр ауру үшін 4-5 ауыр асқынған патологиялары болады, олардың өршуі өлімге әкелуі мүмкін»,- дейді ол.

Алматының бас дәрігері тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

«Қала тұрғындарынан үйден сирек шығып, адам көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдемеуді және алғашқы белгілері болған кезде білікті медициналық көмекке жүгінуді өтінгім келеді», - деп атап өтті Н.Табынбаев.