23 қыр, 2021 сағат 15:20

Коронавирус жұқтырған әйел «Шарбақты» бекетінен өтуге әрекеттенген


Павлодар облысында мемлекеттік шекара арқылы өтетін төрт автокөлік өткізу пунктіндегі адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте шекарадан 639 адам өткен, оның 294-і жаяу, 345-і жүк көлігінің жүргізушілері. 6 қазақстандық карантиндік стационарға жатқызылды.

- «Шарбақты» шекара бекетінде Павлодар қаласының тұрғынында расталған бір жағдай анықталды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТМД-ның бес азаматына елге кіруге тыйым салынады, оның ішінде ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсететін сертификаттарды бермеген 3 Ресей Федерациясы мен Өзбекстанның екі азаматы бар.

Айта кетерлігі, шектеулер енгізілгеннен бері облысқа 200,1 мың адам келді, оның 104,8 мыңы халықаралық тасымалдауды жүргізетін жүргізушілер және 95,3 мың жолаушы. 41,5 мың ПТР зерттеуі жүргізілді, аурудың симптомсыз ағымымен 265 сырттан енгізілген жағдай анықталды.