13 сәу, 2021 сағат 07:10

Коронавирус: «Жасыл аймақта» екі өңір ғана тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Telegram каналында Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологилық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. 

«Сары аймақта» Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. 

«Жасыл аймақта» Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана қалды.