08 жел, 2020 сағат 16:52

Коронавирус: Теңіз кенішіне жұмысшылар жалған ПТР анықтамамен келген

Атырау облысындағы Теңіз кенішіне мердігер компаниялардың жұмысшылары жалған ПТР тест анықтамасымен келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлім етті. 

«Мердігер мекемелердің кейбір қызметкерлері санитарлық бекеттерден жалған ПТР-тест анықтамаларды көрсету арқылы өткен фактілер анықталды. Осындай қызметкерлерге берілген рұқсаттар дереу жойылды. Өрескел фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде», - деді Рзабек Артығалиев.