
Атырау облысында коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 112 науқас сауығып, 74 адам індет жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 112 науқас емделіп шыққан.
«Қазір 249 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда – 78, ал, аудандардағы стационарларда 13 пациент жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 321 адам ем қабылдауда» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Атырау облысында 74 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Науқастардың бесеуі Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішіндегі 65 жұмысшыдан, Индерде ауданында - 1, Құрманғазы ауданында 3 адамнан Сovid-19 белгісі табылған. Сегіз науқаста қауіпті індет симптомды түрде өтіп жатыр.
Бүгін өңірдегі 1225 орындық инфекциялық стационардың 412 төсек-орнында науқас ем алып жатыр.
