
Атырау облысында Теңіз кенішінде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 42 жұмысшы жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекцясы ПТР-тест арқылы расталған.
«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішіндегі 42 жұмысшыдан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрінде ауру симптомсыз, бір науқаста симптомды түрде өтуде. Індет жұқтырғандардың біреуі медицина маманына өз еркімен жүгінген» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өткен тәуікте 11 пациент қауіпті індеттен сауығып шыққан. Қазір коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 11401 адамға жетті.
Облыстық инфекциялық стационарда 38, аудандардағы стационарларда 5 (Индерде 3, Қызылқоғада 2), ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 174 науқас жатыр. Үй жағдайында 164 пациент ем қабылдауда.
