Ресей үкіметі сегіз көрші елге COVID-19 салдарынан ұшуға енгізілген шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведосмтвоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ашық аспан» мемлекеттерінің, атап айтқанда Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Иран өзара негізде. Бұған дейін Беларусь, Доминикан республикасы, Египет (Каирден басқа), БАӘ, Түркия, Финляндия, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея және Куба мемлекеттеріне ұшуға шектеулер толығымен алынып тасталды.
Жұқпалы аурулар маманы Светлана Малиновская COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарда инфаркт болуы қаупі туралы айтты. Науқастарда экстрасистолалар (жүрек соғысының бұзылуы), фибрилляция (аритмия), тахикардия (жүрек соғу ырғағының бұзылуы) дамуы мүмкін. «Ауыр науқастанудан кейін мүгедек болып қалу қаупі жоғары. Аурудан айыққан азаматтарды диспансерлік тексеруден өтуге шақырамын», – деді Малиновская.