25 қар, 2020 сағат 06:00

Коронавирус пневмониясынан бір күнде 4 науқас көз жұмды

25 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 204 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 91 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 41 427 адам дертке шалдығып, 432 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 207 жетті.