10 сәу, 2020 сағат 12:04

Коронавирус: Меккеден келген Қаскелең тұрғыны айығып, үйіне шықты

Алматы облысында коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққан науқас үш апта бойы ем қабылдаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz ресурсына сілтеме жасап.

20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында толық ем алып, үйіне шығарылды.

Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурызда Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. 

Емделушіге 8 сәуірде жасалған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсеткен. 

Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.