12 қаз, 2020 сағат 14:50

Коронавирус: Маңғыстау облысында 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Маңғыстау облысында 11 қазан күнгі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясымен стационарда жатқан науқастардың саны – 57, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қоғамдық коммуникация орталығының ақпаратына сәйкес, 57 науқастың 49-ы ауруханаға – коронавирустық пневмония, 8-і COVID-19 диагнозымен жатқызылған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның ішінде 3-еуі – ауыр, 2-еуі – өте ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайы тыныс алудың жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардан өршіген. 

Айта кетейік, облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43-ке дейін көбейтілді. 

Коронавирустың жоқтығын растайтын анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 100, Қарақия ауданында – 10, Бейнеу ауданында 10 төсек-орынды карантиндік стационарлар ашылды.