04 сәу, 2021 сағат 07:25

Коронавирус: Қазақстанның 9 өңірі «қызыл» және «сары» аймақта тұр

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.