07 сәу, 2021 сағат 08:10

Коронавирус: Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.