Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 26 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ.
Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала - «жасыл» аймақта.