#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Коронавирус: Елорда стационарларында науқастар саны 10 есеге азайды

  • 12.08.2020
  • 0
  • 83

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов ЖРВИ кезеңі мен коронавирустың жаңа толқынына қаланың дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық инфрақұрылымға тоқталсақ, санитар дәрігерлер болжамына әрі халықаралық тәжірибеге сәйкес, күздегі ЖРВИ кезеңінде айрықша сақ болу керек. Себебі ЖРВИ кезеңі COVID-19 вирусының таралуымен ушығып кетпеуі қажет. Бұл, енді қоғамның әрбір мүшесінің тәртібіне байланысты», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол қаладағы денсаулық сақтау нысандарына қажетті құралдар мен аппараттар сатып алынғанын жеткізді. 

«Осының барлығы біздің дәрігерлер мен барша медициналық инфрақұрылым ЖРВИ маусымына дайын болуы керектігін көрсетіп отыр. Карантиндік шаралар індеттің таралуын айтарлықтай төмендетті, стационарлардағы пациенттер саны 10 есеге жуық азайды», - деді әкім. 

Оның айтуынша, індеттің таралуы деңгейі жоғары кезеңде стационарларда бір мезгілде 4 мыңнан астам адам болды. Қазіргі кезде 380-ге жуық адам бар. Пневмониямен ауырғандар саны 12 есеге азайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар