16 нау, 2020 сағат 14:10

Коронавирус: Денсаулық министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты еліміз бойынша 16 наурыздағы статистиканы жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы уақытта стационарлық карантинде 1641 адам жатыр. 981 адам – үй карантинінде.

Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың 9 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 8 адам Алматыда және 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында стационарда жатыр. Тағы бір қазақстандық – Германияда. 

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ орталық аппаратының 2 қызметкері коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілгені мәлім етілді. Сондай-ақ карантинге алынған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова тест нәтижесін жариялады.