08 қаң, 2021 сағат 10:50

COVID-19: Батыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 7 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді.

Осылайша, «қызыл» аймақта Қазақстанның бір де бір өңірі қалмаған.

«Қызыл» аймақтар бойынша бүгінгі матрица өзгеріссіз қалды.

Тек «сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.