07 қаң, 2021 сағат 14:15

Коронавирус: Атырау облысы «қызыл» аймақтан шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 7 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 6 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақта болған еді. 

Бүгінгі мәлімет бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. «Сары» аймақта Атырау облысымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. 

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. 

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.