09 қаң, 2021 сағат 10:00

COVID-19: Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 9 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 8 қаңтарда бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Алайда бүгінгі матрица «қызыл» аймаққа Атырау облысының қайтадан кіргенін көрсетіп тұр.

Атырау облысы осымен қатарынан бірнеше рет «қызыл» аймаққа енді.

«Сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірдің барлығы - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.