30 жел, 2020 сағат 07:01

COVID-19: Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда бір облыс қана «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 29 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау облысы мен Қостанай облысы шықпай тұрған. Алайда бүгінгі матрица Қостанай облысының «сары» аймаққа өткенін көрсетті. Сонымен қатар «сары» аймақта Қостанаймен бірге Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы бар.

Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.