#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Коронавирус: Алматыда жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды

  • 10.08.2020
  • 0
  • 110

Алматыда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды. Бұл туралы Іnstagram-парақшасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«COVID-19-ға қарсы іс-қимыл, шаралар аясында орын санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған (оның 30-ы реанимациялық) екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медициналық мекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек», - деді әкім.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру - байланыссыз әдіспен, ал бақылау бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл Алматыдағы екінші госпиталь болмақ. Біріншісі 18 күнде салынып, 24 сәуірде пайдалануға берілген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар