Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
10 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.