14 жел, 2016 сағат 15:19

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі комитетке жаңа басшы тағайындалды

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Иманәлиев Бақытбек Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бақытбек Зүбайраұлы 1968 жылы 6 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген, ұлты - қазақ.

Білімі - жоғары, «Әулие-Ата» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. Экономист-қаржыгер, инженер.

2006 жылы Франция Ұлттық әкімшілік мектебінде (ENA) дайындықтан өткен.

2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет жөніндегі Ресей академиясы және Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын МВА академиялық дәрежесі беріле отырып, «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы «Джамбулгражданпроект»  мемлекеттік жобалау институтында техник, инженер-жобалаушы болып  бастаған.

1991-1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының маманы, бас маманы қызметін атқарды.

1998-2001 жылдар  аралығында  «Шымкентнефтеоргсинтез» ААҚ-ы Тараз филиалы мұнай қоймасының бастығы болып жұмыс істеді.

2001-2003 жылдар аралығында - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары.

2003-2004 жылдар аралығында - Жамбыл облысы әкімінің  аппараты экономика, қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі.

2004-2006 жылдар аралығында - Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінің директоры.

2006-2010  жылдар  аралығында - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2012 жылғы қараша мен 2013 жылғы шілде аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты.

2013 жылғы шілде мен 2014 тамыз аралығында - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы.

2014 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен,  «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»,  «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.