Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді", - делінген хабарда.
Сондай-ақ ведомство өкілдері тікұшақтан түсірілген видеоны жариялады.
Бұған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында мал қырылып жатқанын хабарлаған едік.
Айта кетейік, екі күннен бері сөнбей жатқан дала өрті екі облыстың 45 мың гектар жерін шарпыған. ТЖМ күштері қолдан келгенін жасап жатыр. Павлодар облысындағы 10 мың гектар жердегі өрт оқшауланған. Ал Қарағанды облысында жағдай қиын.