Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық Кеңесі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйытқы болуымен өткізілген «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық семинарда көпэтносты қоғамдағы рухани жаңғыру процестері талқыланды.
Басты мақсаты рухани жаңғыру процесіндегі жаңа феномендерді және жаhандану тәуекелдерінің жағдайында ұлттық кодты сақтау мәселелерін эксперттік талқылау болып табылатын ғылыми-практикалық семинар жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық Кеңесі және облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестік өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, этносаралық қатынастар мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілер және сарапшылар қатысты.
Пленарлық отырыс барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко қазіргі Қазақстанның жаңа даму кезеңі бізді жаңа үндеулерге бастайтындығын, мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жаңа көзқарастар қажеттілігіне, бүгінгі семинарда қарастырылатын баяндамалардың өзектілігі соған жауап ретінде берілетіндігіне баса назар аударды.
Академияның стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректоры Айгүл Көшербаева өзінің кіріспе сөзінде: «Бүгінгі жаһандану заманында мемлекеттің, білім беру саласының, отбасының қуатты институттары өмір сүрудің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгілерін, құндылықтар жүйесін құруда. Бұл жағдайда бізге жаңа зерттеулік көзқарастар, сараптамалық тұжырымдар және сарапшылық пікірлер өте қажет. Сондықтан, бүгінгі семинардың қарары мен ұсынымдары Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін де, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері де үшін де пайдалы болады деген сенімдемін», - деп пікір білдірді.
Спикерлер ретінде шараға қатысқан шетелдік сарапшылар – Татарстан Республикасы Ш.Марджани атындағы тарих институтының аға ғылыми қызметкері Зуфар Махмутов «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі татар тобының үлгісінде виртуалды этникалық қауымдастықтарды бірегейлікті қалыптастыру тетігі ретінде зерделеу мәселесіне тоқталды.
Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры Татьяна Дронзина медиацияны көпмәдениетті қоғамдағы этноконфессионалды топтардың арасындағы қатынастарды нығайту құралы ретінде қарастырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қауымдастырылған профессоры Назигүл Төленбергенова мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров ұлттық әліпбидің реформаларына, тілдік құзыреттілік және қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің кейбір мәселелеріне кеңірек тоқталды.
Семинар жұмысына онлайн-режимінде қатысқан Омск гуманитарлық академиясының профессоры Олег Лучко Омск облысы мен Қазақстан Республикасының үлгісі негізінде шекаралас аймақтардағы векторлы білім беру миграциясын этностық және конфессионалдық көптүрлілік факторы ретіндегі маңызына тоқталса, Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясы Мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесі ғылыми-зерттеу институты Мемлекеттік кадрлық саясат зертту орталығы Кадрлық жұмыс технологиясы бөлімінің басшысы, Светлана Алейникова Беларусьтегі мемлекет пен дін мәселелері туралы ақпаратты диссертациялық зерттеулерге шолу жүргізу арқылы қатысушыларға ұсынды.
Ғылыми-практикалық семинар барысында рухани және қоғамдық сананы жаңғыртудың парадигмасы мен этностық және конфессиялық алуандық заманауи тегеурінді талаптарға жауап ретінде: жаңа болмысы және ғылыми ізденістер бағыттары бойынша екі панельдік дискуссия жүргізілді.