2022 жылдың 5 маусымында елімізде Конституциямызға енгізілетін өзгерістерге байланысты референдум өтеді.
Ата заңның үштен бір бөлігіне өзгертулер жасалынады. Өзгертулер халықтың талаптарына байланысты құрастырылған. Олардың ішінде суперпрезиденттік басқару жүйесін классикалық үлгідегі президенттік республикаға алмастыру, билік өкілеттерінің қайта бөлінуі, Конституциялық соттың құрылуы, Парламенттің рөлін арттыру сияқты жаңартулар бар.
Олардың нәтижесінде барлық саяси партиялардың дамуына мүмкіндік беріліп, Президент шешімдерінің адалдығы арттырылады. Соған қоса, сайлаушылардың дауыстарын қорғауға, халықтың ел басқаруға қатысу мүмкіндігін көбейтуге, құқық қорғау қызметінің жүйелі орындалуына әсер етеді.
Ата заңға енгізілетін өзгерістердің ең басты әсері - еліміздің одан әрі демократияландырылуы. Нәтижесінде, болашақта жасалынатын шешімдердің, олардың ішінде заңнамалық органдарға сайлау жүйесінің, әділдігіне сенім арта аламыз. Оның үстіне, жаңартулар Үкіметтің дағдарыс жағдайларына дайындығын дамытуға әкеледі.
Конституциялық кеңестің қайта құрылуы біздің азаматтарымызға ғана емес, басқа ел өкілдеріне де көмек көрсетеді. Басқа ел өкілдерінің, соның ішінде еңбек мигранттары да, босқындар да, жаңа кеңеске жүгіне алады. Ол кемсітушілік принципін жеңуге жол ашады.
Конституцияға енгізілетін өзгертулер адам құқықтарын қорғауда маңызды қадам болып табылады.
Бұл референдумның өтуі мемлекеттілігіміздің тағы бір биік белеске көтерілуінің айғағы болмақ. Сол себептен, еліміздің болашағын ойлайтын әр азамат референдумге қатысуы қажет деп есептеймін. Әрбір адамның дауысы маңызды!
Эльмира Бірәлі,
Заңгер, құқық магистрі