30 там, 2020 сағат 09:30

Конституция күні: Елбасының 25 жыл бұрынғы видеосы жарияланды

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум өтті. Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ал бір аптадан соң, 1995 жылы 6 қыркүйекте Н.Назарбаев жаңа Конституцияның ресми таныстырылым рәсіміне қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Ким «1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға дауыс беру нәтижелері туралы» қаулыны оқып, Н.Ә.Назарбаевқа еліміздің жаңа Ата Заңының мәтінінің түпнұсқасын тапсырды. - - - ⠀ В этот день 25 лет назад состоялся республиканский референдум по принятию Конституции Республики Казахстан. После голосования Нурсултан Назарбаев провел пресс-конференцию и ответил на вопросы отечественных и зарубежных журналистов. Спустя неделю, 6 сентября 1995 года Н.Назарбаев принял участие в торжественной церемонии официального представления новой Конституции. Председатель Центральной избирательной комиссии Ю.А.Ким зачитал постановление «Об итогах голосования по принятию Конституции Республики Казахстан на республиканском референдуме, состоявшемся 30 августа 1995 года», и вручил Н.А.Назарбаеву оригинал текста нового Основного закона страны. ⠀ #архив #этотденьвистории #25лет_Конституции

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Конституция күніне орай Instagram-дағы парақшасында 25 жыл бұрынғы видеоны жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум өтті. Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ал бір аптадан соң, 1995 жылы 6 қыркүйекте Н.Назарбаев жаңа Конституцияның ресми таныстырылым рәсіміне қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Ким «1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға дауыс беру нәтижелері туралы» қаулыны оқып, Н.Ә.Назарбаевқа еліміздің жаңа Ата Заңының мәтінінің түпнұсқасын тапсырды» делінген жазбада.