Фото: Akorda.kz
Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы Әлім Байел журналист Әділ Балтабаевқа берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның бейресми диалогы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Біздің президенттеріміздің кездесуі әрқашан өте жайлы атмосферада өтеді. Соған сәйкес диалогтарда әзіл-қалжың, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер өте жиі болады... Кездесу барысында ол (Тоқаев. – авт.еск.) мысалы, қазақша енді: "Қонақ - қойдан жуас", деп айтты. "Сіз не айтсаңыз, соны ішем", деді. Мысалы, ондай жағдайлар болып тұрады", - деді ресми кездесуде аудармашы қызметін атқарған Әлім Байел.
Яғни, Тоқаев Түркия басшысына не ұсынса, соны ішетінін айтып, әңгімеде қазақ мақал-мәтелін пайдаланды, ол мынаны білдіреді: "Қонақ қойдан жуас келеді, май берсе де жейді" (яғни, қонақ қарапайым болуы керек).
Екі ел басшыларының әңгімесі туралы толығырақ "Хабар 24" телеарнасының President жобасының жаңа санынан көре аласыздар.