12 қаң, 2017 сағат 23:34

«Қонаев бекетi» деп өзгертейiк

Бұрын Өзбекстан мен Қазақстан темiржолының шектесер тұсы, яғни шегарасы Шеңгелдi бекетi болатын. Бүгiндерi қазақ темiржолы 55 шақырымға ұзарып, екi ел арасындағы темiржол шегарасы Сарыағаш бекетi болды.

Шеңгелдi бекетiнiң Сарыағаш секiлдi iрi бекетпен орын ауыстырғаны – әрине, қуанарлық жағдай. Осындай өзгерiс болған күннен бастап Сарыағаш бекетiне темiржолдың өркендеуiне ерекше үлес қосқан Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың есiмiн беру туралы ұсынып жасап келемiз. Бiрақ әлi күнге дейiн бiздiң ұсынысымызға тиiстi орындар тарапынан жауап қайтарылған жоқ.

Биыл, яғни 2017 жылы Д.А.Қонаев атамыздың 105 жылдығы. Мұндай атаулы күнге үкiметiмiз мән берiп, тиiстi деңгейде атап өтетiнiне өз басым кәмiл сенiмдiмiн де.

Ендiгi айтпағым, осы мерейтойға Қазақстанның Өзбекстанмен шектескен Сарыағаш бекетiн “Қонаев бекетi” десек, қандай жарасымды болар едi. 

Тәуекел ӘБIЛБЕКОВ, құрметтi темiржолшы.
Арыс қаласы

"Жас Алаш" газеті