21 қар, 2017 сағат 08:40

Қолында кішкентай ұлы бар полицей екі тонаушыны атып өлтірді

Бразилияның Кампу-Лимпу-Паулист қаласындағы дәріханалардың бірінде қолында кішкентай ұлы бар полиция қызметкері екі тонаушыны атып өлтірді. 

Бұл жайлы Folha de Sao Paulo хабарлайды.

Басылымның атап өтуінше, тонау мақсатымен  екі ер адам баса-көктей кірген кезде жергілікті полиция қызметінің сержанты әйелімен және баласымен дәріханада сауда жасап тұрған.

Қолында көтеріп тұрған ұлы бар құқық қорғаушы дереу қаруын алып, тонаушыларды атқан. Одан кейін видеода көрсетілгендей, ол баласын әйеліне беруге жүгіреді. Қылмыскерлер болса, оқиға орнында көз жұмды.

Тонау және адам өлтіруге әрекет ету бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондықтан полиция қызметкерінің әрекеті өзін-өзі қорғау ретінде бағалануы мүмкін.