20 ақп, 2023 сағат 15:16

Қолына пышақ алып жүгірген ер адам алматылықтарды шошытты

видео кадры

Қолына пышақ алып жүгірген ер адам алматылықтарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Видео Halyqstan парақшасында жарияланды. Бейнежазбадан Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында пышақ ұстаған ер адамның жүгіріп бара жатқанын көруге болады.

"Коперник ауданы, Горький саябағына кіреберісте қолына пышақ ұстаған ер адам жүгіріп бара жатыр. 20.02.23 сағат 09:49", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша полицияға ешқандай дабыл түспегенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Медеу аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып, құқық тәртібін бұзушыға шара қолданылады", - делінген полиция таратқан хабарламада.