Колумбиялық құтқарушылар елдің орталық бөлігінде орналасқан алтын өндіретін шахтадан үйінді астынан 11 кеншінің денесін шығарып алды. Бұл туралы жексенбі күні Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кальдас департаменті Неира муниципалитетінде орналасқан шахтада жер астында қалып қойған 11 кеншінің өлімі біз үшін үлкен қайғы», - делінген ведомствоның Twitter-де жарияланған хабарламасында.
Агенттік басшысы Хуан Мигель Дуран өз Twitter-інде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Шахтадағы апат 26 наурыз күні болды. Оның себебі – қар көшкінінің жүруі.