Колумбияның орталық бөлігінде орналасқан алтын өндіретін шахтада кем дегенде 15 кенші қалып қойды. Бұл туралы жұма күні Хуан Мигель Дуран ұлттық тау-кен агенттігінің басшысы мәлім етті.
«Қазіргі уақытта Кальдас департаментінің Неира муниципалитетінде орналасқан алтын өндіретін шахтадағы апатқа байланысты шұғыл көмек көрсету бойынша хаттама іске қосылды. Біздегі дерек бойынша, 15 кеншіден әлі хабар жоқ», - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.
El Espectador газетінің мәліметі бойынша, шахтадағы апат көшкін салдарынан болған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.