23 сәу, 2022 сағат 14:36

Көліктегі байланған ер адам – астана полициясы видеоға түсінік берді


Елордада көліктің жүк салғышына қол-аяғы байланған ер адамды салып, көше аралаған пранкерлер жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі байланған ер адам – астана полициясы видеоға түсінік берді

«21 сәуір күні сағат 19:28 кезінде «102» пультіне Сейфуллин-Уәлиханов көшелері қиылысында, яғни «Аймақтау» сауда үйінің маңындағы автокөліктің жүк салғышында қол-аяғы байланған жас жігіт жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бұл жерге жедел түрде полиция жасағы жіберілді. Сол аумақты шолу кезінде оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталды. Олар 19-22 жастағы жастар екені анықталды», - делінген қалалық Полиция департаменті мәліметінде. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қоғамдық тәртіпті бұзғандар әлеуметтік эксперимент жүргізгені белгілі болды. 

«Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оларды ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, материалдарды әкімшілік сотқа жолдады.