Фото: ашық дереккөз
ҚР Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
