#
#
Жексенбі 20/09/2020

Көлгінов ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

  • 08.08.2020
  • 0
  • 140

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын блоктарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімнің Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын 1а, 1в, 2а, 2в, 3а, 3б блоктарының құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жердегі барлық блоктарда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс қарқыны мен жұмысшылар санын арттыруды тапсырдым. Қазіргі қолайлы ауа-райын барынша пайдаланып, үйлердің, шатырлардың қасбетімен айналысу керек. Сонымен бірге инженерлік желілерге уақтылы қосып, абаттандырумен айналысу қажет. Нысандағы жұмыстарды кестеге сәйкес аяқтау маңызды. Өз тарапымыздан барлық кедергілерді жоямыз, тиесілі қаржы бөлінген», – деп жазды Алтай Көлгінов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар