26 мау, 2024 сағат 14:52

Көлеңкедегі миллиардтар: Алматы метро құрылысындағы жымқыру ісі бойынша 10 адам сотталды

Сурет: inbusiness.kz

Алмалы аудандық соты оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарды.

Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ, "Автоматтандыру және технологиялар қызметі" ЖШС басшылары бола отырып, адамдар тобымен, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде "Сарыарқа" және "Достық" станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді.

"Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді", - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарында.