Ауа райы бұзылып, көктайғақтың кесірінен Қарағанды облысында бірнеше жол жабылды. Полицейлер жолда тұрып қалған 700-ден астам автокөлікті жетелеп, алып жүрді, деп хабарлайды Ult.kz, Кazinform ақпаратына сілтеме жасап.
фото:kazinform.kz
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан бес бағытта автожолдар жабылды.
23-00-ден бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деректері бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ) Республикалық маңызы бар а/ж 2 учаскесіндегі барлық көлік құралдары үшін «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (17-217 км, Қарағанды — Қарқаралы қ.) қозғалысы жабылады; «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Керней — Ботақара» (Павлодар облысы шекарасы — Ботақара кенті) бағытында жол жабылды», -деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қарағандыдан Балқаш пен Астанаға дейінгі жолда қозғалыс шектелген.
Полиция қызметкерлері Теміртаудан Ақмола облысына дейін 700-ден астам автокөлікті және 1000-нан астам көлік ертіп жүрді.