20 жел, 2021 сағат 13:33

Көктайғақ: Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармайды


Семей қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 20 желтоқсанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды. 

«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.