09 қар, 2020 сағат 13:54

Көкшетаудағы кәсіпорын жасанды тыныс алу аппаратының 800 данасын шығарды

Көкшетаудағы іргелі кәсіпорын – «Тыныс» акционерлік қоғамы коронавирус инфекциясымен күресте ауадай қажет қазіргі заманғы «Көкшетау 4П» жасанды тыныс алу аппаратын шығарып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Зауыт басшылығының мәліметінше, зауытта қазіргі заманғы «Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету аппаратының 800 данасы шығарылыпты. Өкпені оттегі-ауа қоспасымен жасанды желдетуге арналған аппарат жедел жәрдем көліктерінде, оқиға орнында, хирургия бөлімдерінде, жансақтау және интенсивті терапияда қолданылып келеді. Республика бойынша облыстарға осындай аппараттың 500-ден астам данасы жөнелтілген. 

«Ақмола облысы бойынша 60 жасанды желдету аппараты жеткізілді, олардың ішінде 17 аппарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына қайырымдылық көмек ретінде табыс етілді. Зауытта жасанды тыныс алу аппараттары жаңартылып, негізгі жинақтаушы комплектілері әзірленуде. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсуде», - дейді қала әкімдігіндегілер.

«Жасанды тыныс алу аппараттары жаңартылып, негізгі жинақтаушы комплектілері әзірленуде. Сондай-ақ кәсіпорында 200 дайын комплектілер бар. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсуде», - дейді қала әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, соңғы кездері зауытта негізгі жұмыстардан бөлек, коронавирус инфекциясымен күресу үшін қажетті «Көкшетау 4П» жасанды тыныс алу аппараты, медициналық маска, қорғаныс киімдері шығарылып жатыр.