13 қаз, 2021 сағат 13:05

Көкшетаудағы газ жарылысы: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты


Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан зардап шеккен адамның жағдайын дәрігерлер орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, ауруханаға жарылыстан кейін күйік шалған әйел түскен. 

«Оның жағдайы орташа ауырлықта. Денесінің 20 пайызын (аяқтарын) күйік шалған. Ол есін біледі, жағдайы тұрақты, жалпы палатаға жатқызылды. Науқас барлық қажетті емді толық көлемде алуда», - деді Д.Чайков. 

Ал, екінші зардап шегуші ауруханаға жатқызылған жоқ.