02 жел, 2021 сағат 16:20

Көкшетауда құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті



Ақмола облысында еңбекті қорғау ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабар түсті. 

«Ер адам «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел-тергеу тобы оның 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағанын анықтады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 1-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізіледі» - деді ведомстводан.