04 мам, 2022 сағат 09:35

Көкшетауда кіреберісте дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалған

https://www.instagram.com/eto_kokshetau_detka/

Көкшетауда ер адам үйдің кіреберісінде дәрет сындырған. Бұл кіреберісте орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуірде кешке болған. Видеода ер адам кіреберісте шылым шеккені, содан кейін лифт маңында дәрет сындырғаны көрінеді.

1 мамырда Сарыарқа шағынауданындағы үй тұрғындары бейтаныс адамның әрекетіне наразы болып, Instagram-дағы қалалық пабликтердің біріне видео жүктеген (оны мына жерден көруге болады).

Полицейлер бұзақыны анықтаған. Ол 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары ер адамның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы, "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу" деген 1-бөлігі және "Ұсақ бұзақылық" деген ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.