06 қар, 2020 сағат 12:30

Көкшетауда екі айда салынған 200 орындық инфекциялық аурухана ашылды

Көкшетауда коронавирусқа шалдыққан науқастар емделетін замануи үлгідегі жұқпалы аурулар орталығы ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көкшетаудың іргесінде жаңадан салынған облыстық жұқпалы аурулар орталығы 200 керуетке арналған. Мұнда Германия және Ресейден жеткізілген қазіргі замаңғы жабдықтар орнатылған. 

Сегіз корпустан тұратын нысанда жылыту қазандығы, көліктерді дизенфекциялау пункті, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру орны, 20 орындық жансақтау бөлімшесі және әр палатада бір орталықтандырылған оттегі стансасы бар. 

Сонымен қатар, «Филипс» компьютерлі томографы, «Х-FIT» рентген аппараты, өкпені желдеткіш 4 аппарат, төрт науқас мониторы, «LOGIQ 9Е» ультра дыбысты диагностика аппараты, электрокардиограф аппараты орнатылған. 

Құрылыс жұмысын мердігер «Bi Group» компаниясы жүргізген. Жобаның құны 7 миллиард 185 миллион теңгеден асады. Жалпы аумағы 4,4 гектарды құрайтын нысан құрылысына 620 адам тартылып, үш ауысыммен жұмыс істеп, екі айдың ішінде аяқтаған. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 200 керуеттік жұқпалы аурулар орталығын аштық. - Бұл қазіргі заманға сай жабдықталған медициналық мекеме. Нысан пандемия кезінде ғана емес, одан басқа уақытта да халықтың денсаулығы үшін барынша жұмыс істеуі тиіс, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев. 

Айта кетейік, мұндай орталық еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ғана бар. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Bi Group» компаниясы жүргізген. Жобаның құны 7 миллиард 185 миллион теңгеден асады. 

Жалпы аумағы 4,4 гектарды құрайтын нысан құрылысына 620 адам тартылып, үш ауысыммен жұмыс істеп, екі айдың ішінде аяқтаған.