26 там, 2019 сағат 16:55

Көкірекбаев пен Асанов қызметтерінен кетті

Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері қызметтерінен  босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі қызметіне, Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы  Елшісі қызметіне тағайындалды.