11 қар, 2021 сағат 22:23

Астанада ойын-сауық орталығына «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіреді


Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (толық вакцина алған, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) штаттық жұмыс кестесіне сай, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы карантин талаптарын сақтай отырып қызметін жалғастырсын», - делінген қаулыда. 

Жаңа қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.