23 қар, 2020 сағат 13:33

Қоғамдық кеңестерде нақты сарапшылар, кәсіби мамандар болса - Олег Чернышев

Қоғамдық кеңестер зейнеткерлер кеңесіне айналып отыр. Мұндай пікірді Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресурстық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтпекпін. Бізде, Шығыс Қазақстан облысында Ішкі саясат басқармасының арқасында нақты міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуеттік тапсырыс арқылы нақты қаражат алып отырмыз. Соның нәтижесін бүкіл облысты аралап, проблемаларды жинақтауға, қоғамдық тыңдаулар өткізуге, азаматтардың шағымдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алдық»,- деді ол IX Азаматтық форум барысында. 

Дегенмен, ол мұндай жүйенің өзіндік кемшіліктері де бар екендігін баса айтты. 

«Алайда, тәуекелдер де бар. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кім ұтып алады? Бұл іске мүлдем қатысы жоқ ұйым жеңімпаз болып шықпай ма? Барлығы бағаны төмендетуге негізделген. Соған орай, баға төмендеген кезде сапаның нашарлауы да орын алады. Сондықтан егер біз сапалы нәтиже алғымыз келсе, онда жеткілікті ресурстың да болуы заңда нақты жазылуы тиіс. Бүгінде біздің Қоғамдық кеңестер зейнетақы есебінен өмір сүру мүмкіндігі бар болғандықтан осындай процестерге қатысатын зейнеткерлер кеңесіне айналып кеткен. Бұлай болмауы тиіс. Біз Қоғамдық кеңестерде нақты сарапшылар, шынайы кәсіби мамандар болғанын қалаймыз. Ал ол үшін нақты ресурстар болуы тиіс», - деді Олег Чернышов.